16-12-20 |
2410 рет қаралған
«Ұйғыр музейі» дауы: мектеп директоры жұмыстан босатылды.
«Ұйғыр музейі» дауы: мектеп директоры жұмыстан босатылды

Осыған дейін ұстаздар Алматы облысындағы тұтас бір мектеп «ұйғыр музейіне» айналды деп дабыл қаққан болатын.

Дәлірек айтқанда, бұл жағдай Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылындағы Саттаров мектебінде болған. Шетелде жүрген Ринат Аблимитов атты азамат аталған мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н Қожамбердиевадан мектеп оқушыларының суретін сұратып, артынша «YouTube» әлеуметтік желісіне «А.Саттаров атындағы ұйғыр мектеп оқушыларының шеруі» деген тақырыппен видеоролик жариялайды. (Бұл ролик оқиғадан соң «YouTube» әлеуметтік желісінен алынып тасталған – ред.)

Осы және мектеп ішінде көптен қордаланып келе жатқан күрделі мәселелерді алға тартқан қазақ мұғалімдері жиылып ашық наразылық білдірген. Тіпті мұндай шараға ата-аналар да қатысқан.

«Мектептің әрбір каридоры ұйғыр сыныбы, жаңағы ұйғыр ұлт өкілдерінің бұрышы. Былайша айтқанда, біздің мектеп ұйғыр мүзейі» деген наразы топ өз әрекеттерінің ешқандай арандатушылық емес екенін, керісінше бұндай әділетсіздіктің күнделікті болып жатқан мәселе екенін алға тартқан.

Оқиға барысы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жылдам тарап, келеңсіз жайт қоғамда үлкен аңыс қозғады.
Осы ретте аталған жағдайға байланысты Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ресми жауап берді.

«Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Қаратұрық ауылдық округіндегі А.Саттаров атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамбердиева Б.Н атты азаматшадан Канада елінде жүрген Ринат Аблимитов атты азамат мектеп оқушыларының фото суретін сұратқан. Ринат Аблимитов «YouTube» әлеуметтік желісіне «А.Саттаров атындағы ұйғыр мектеп оқушыларының шеруі» атты тақырыпта видеоролик жариялайды.

Видео жарияланғаннан кейін Қожамбердиева Б.Н видеороликті лүпіл басып қолдау көрсетуін мектеп ұжымынан сұраған. Видеороликті көрген қазақ ұлтының мұғалімдері «А.Саттаров атындағы ұйғыр мектеп оқушыларының шеруі» деп жазылған тақырыпқа және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көрсетілгеніне наразылық білдірген. Сонымен қатар, Оқушылардың ата-аналары рұқсатынсыз балаларының фото суретін жариялағанына наразы болған».

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мәселеге байланысты шұғыл түрде аудандық комиссия құрылған. Комиссия құрамына аудандық ішкі саясат бөлімі, НұрОтан, аудандық білім бөлімі, ақсақалдар, аналар алқасы, ұйғыр этно мәдени бірлестігінің мүшелері кіргізілген.

«Сол күні сағат 16:00- шамасында Қаратұрық ауылдық округінің әкімінің қатысуымен аудандық комиссия тарапынан мектеп ұжымымен және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамбердиева Б.Н-мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Қожамбердиева Б.Н өзінің кінәсін толықтай мойындап мектеп ұжымынан кешірім сұрады.

Сонымен қатар кейіннен жарияланған «FACEBOOK» парақшада «Біздің мектеп ұйғыр мектебінің мұражайына айналды» деген мұғалімдердің видеосы шықты. Аталған факт бойынша ағылшын пәнінің мұғалімі Сабырбекова Аида Каримова өзінің жұмыстан шығуын мектеп директоры Амилова Чимангүл Махамбетовнадан көргенін айтқан. Тексеріс барысында А.Саттаров атындағы орта мектеп қабырғасында ұйғыр ұлтының мұғалімі «Мансұрова Омайхан» атты ардагер бастауыш сынып мұғалімінің фото суреттері мен естелік фото суреттері қойылған. Жоғарыда аталған факт бойынша А.Саттаров атындағы орта мектептің директоры Амилова Чимангүл Махамбетовнаны ауруханадан шыққаннан кейін жұмыстан босатылып және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамбердиева Б.Н өзінің лауазымынан төмендеп қарапайым мұғалім дәрежесіне түсірді. Бүгінгі таңда Қаратұрық ауылдық округінде және ауданда қоғамдық саяси ахуал тұрақты және ахуалды тұрақсыздандыруға әкелетін немесе тұрақсыздануға әсер ететін факторлар жоқ екендігін хабарлаймын», – делінген аудан әкімінің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова таратқан мәлімдемеде.

 

Қозыбай Құрман, arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.