Біз
әлеуметтік
желіде
31-05-25 |
980 рет қаралған
Алматыда Абай даңғылының ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды.
Алматыда Абай даңғылының ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды

Алматыда тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысын арттыру және Алматы агломерациясын дамыту мақсатында радиалды жолдар ұзартылып жатыр. Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарған бөлігінде қозғалыс ашылды.

Қалалық мобильділік басқармасы Строительная көшесінен қала шекарасына дейінгі соңғы 600 метрлік жолдың бойындағы жұмысты аяқтады. Қазіргі уақытта жолдың екі жағында жаяу жүргіншілер жолы, веложолдар, қосымша жолдар және іргелес аумақты көркейту жұмыстары қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен басталатын ұзарған бөлігінің жалпы ұзындығы 5,3 шақырым. Бұл бағытта алты жолақты жол, Қарғалы өзеніндегі көпір, Әшімов көшесімен қиылысатын жолайырық, 6 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі және 4 бағдаршам нысаны салынды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.