Айнабұлақ шағын ауданында екі жыл бұрын басталған ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу желілерінің ауқымды реконструкциясы аяқталды.
Жылу магистралінің пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік мерзімі – 25 жыл. Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіліп, жыл сайын белгілі бір учаскесі ауыстырылып отырды. Биыл Жұмабаев пен Павлодар көшелері аралығындағы Мақатаев көшесіндегі ТМ-18 жылу магистралі учаскесі аяқталды.
Бұл жоба 344 көпқабатты үйді, 11 мектепті, 3 медициналық мекемені және жүздеген басқа да нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жолдарды абаттандыру аяқталуға жақын: асфальт төселіп, жақында жол белгілері қойылады.
Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен алты ауданда 20 шақырым жылу желілері жаңартылды. Учаскелерді абаттандыру ауа райына байланысты кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024
-
05.12.2024