Қарағанды облысында 54 жастағы әйелге қол көтерген ауыл әкімінің әрекетінен заңсыздық анықталған жоқ.
Қарағандыда әкімшілік сот «әйел адамды ұрды» деп айыпталған Пионер ауылының әкімін ақтап шықты. Сот әкімнің әрекетінде заң бұзу болмады деген ұйғарымға келді.
“Әкімшілік құқық бұзды деген айыппен тергеліп жатқан тұлғаға қатысты қандайда бір қылмыстық әрекет пен заң бұзушылық фактілері қарастырылмағадықтан, әкімшілік іс тоқтатылды”, – дейді Қарағанды облысының мамандандырылған әкімшілік сотының үйлестірушісі Венера Махабаева.
Сараптама көрсеткендей, әйелдің денесіндегі көгерген жерлер лифттегі жанжалдан бірнеше күн бұрын пайда болған. Оның үстіне әкім мен оны айыптаушы құда-құдағи болып шықты.
Әкімнің қызы Диана Галимова әйелдің ұлына үйленген. Бойжеткен 2 шілдеде күйеуінің ұрып-соққанын айтып, оның үстінен арыз жазған. Артынша ажырасуға арыз берген. Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал 5 шілдеде енесі, Диананың айтуы бойынша, ата-анасының үйіне келіп, жанжал шығарды, содан кейін әкесіне жала жаппақ болды. Жанұяның көршісі жанжалдың куәгері болды, ол әкімді қорғап сотта сөйледі. Енді ақталған шенеунік жала жабу туралы талап арыз бермекші.
“Бұл провокация. Мен күйеуім Абылай Нұрсұлтанмен екі жыл тұрдым. Бұл менің әкемнің үстінен арыз түсірген Ибраева Марияш Смағұлқызының баласы. Күйеуім мені екі жыл бойы ұрып келді. Мен оның үстіне арыз жазған едім. Бірақ оның анасы менің әкемнің үстінен арыз түсірген”, – дейді Динара Галимова.