Біз
әлеуметтік
желіде
05-07-25 |
640 рет қаралған
Атырауда 3 күнде екі бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО).
Атырауда 3 күнде екі бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Атырау қаласында екі түрлі уақытта болған жол-көлік оқиғалары екі баланың өміріне қауіп төндірді. Екі жағдай да көпқабатты үйлердің ауласында орын алған. Қазіргі таңда қос бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр.

Алғашқы оқиға 1 шілде күні кешкі сағат 18:30 шамасында тіркелген. 47 жастағы жүргізуші Kia Sorento көлігімен тұрғын үй ауласында екі жасар баланы қағып кеткен. Бала ауыр жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Екінші қайғылы жағдай 3 шілде күні кешкі 18:50-де орын алған. Бұл жолы Lada Granta автокөлігін тізгіндеген 29 жастағы азамат бес жасар баланы қағып кеткен. Ол да ауыр хәлде жедел жәрдеммен жеткізілген.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мамандар ата-аналар мен жүргізушілерді аулаларда барынша мұқият болуға және балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауға шақырады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.