arasha.kz

Атырауда бір отбасынан төрт адам мерт болды

Атырау облысы Махамбет ауданындағы тұрғын үйден төрт адамның денесі табылды. Оның бірі бала, деп хабарлайды Arasha.kz.  

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

«Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алдына ала болжам бойынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

Exit mobile version