arasha.kz

Атырауда «Газель» жүргізушісін ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Атырауда болған кісі өліміне қатысты Атырау облыстық полиция департаменті мәлідеме таратып, онда адам өліміне күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстың тергеу барысы менің жеке бақылауымда екенін хабарлаймын», – деді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Нұрхат Оразбаев.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/06/saveinsta.app-3388138253974076212.mp4

Ал журналист Михаил Козачковтың телеграм каналына жариялаған жазбасына қарағанда, Оқиға Атыраудағы базарлардың бірінде болған. Амандық Сағынғалиев жүргізген «Газель» шағын жүк көлігі «Мерседес» маркалы Мұхтар Ахмедовтың есігін абайсызда қағып кеткен. Осыдан соң Ахмедов Сағынғалиевті ұра бастаған. Екеуінің жастары алшақ: Сағынғалиев 70-ті алқымдаған кісі болса, Ахмедов 40-қа да толмаған. Сағынғалиев Ахмедовті тыныштандыруға тырысып, оның көлігін жөндеп беретінін де айтқан, бірақ Ахмедов оған тоқтамаған. Соққыдан Сағынғалиев жан тапсырған.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/06/img_0896.mp4

Сағынғалиевтің ағасы айтқандай, марқұмның қызы оқиға орнына бірінші болып келген. Ол әкесін жедел жәрдемге салуға көмектескен, бұл кезде Ахмедов Сағынғалиевті әлі де балағаттап жатқан.

Алайда, базарға марқұмның туыстары – ер адамдар келгенде Ахмедов басқаша сайраған. Оның айтуынша, екеуі шекісіп қалған және ол бір рет қана ұрған, Сағынғалиев құлап, басын соғып алған. Туыстары бейнежазбаны көрген кезде Сағынғалиевтің өтірік айтқанын бір-ақ білген.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/06/img_0898.mov

Жәбірленушілердің шағымы бойынша, полиция қылмыстық кодекстің 106 – бабының 3-бөлігіне яғни «өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» деп таныпғ қылмыстық іс қозғаған. Бұл қылмыс үшін күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Показать перевод

Exit mobile version