26-03-19 |
5410 рет қаралған
Атыраулық студент: Елордаға Нұр-Сұлтан есімінің берілуі – халықтың махаббаты мен алғысы.
Атыраулық студент: Елордаға Нұр-Сұлтан есімінің берілуі – халықтың махаббаты мен алғысы

Атыраудағы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдауға ниет білдірген үш мыңға жуық адам жиналды.

«Халық тарихи маңызы бар бұл оқиғаға оң көзқарас білдіруде. Астана атын Елбасы құрметіне ауыстыру – тарихи әділеттілік. Нұрсұлтан Әбішұлы өз абыройы арқылы Ұлы Дала елін әлемдегі табысты дамып келе жатқан мемлекеттер қатарына қосты. Оның саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларда атқарған қызметі мен жетістіктері халықтың болашағына арналды», – деп атап өтті Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев. Атыраулық жастар тәуелсіз еліміздің астанасын Нұр-Сұлтан деп атау туралы идеяны қуаттайды. Бірлік пен келісімнің символына айналған Қазақстан астанасы Елбасы есімімен тығыз байланысты.

«Елімізде болып жатқан тарихи оқиғалар жастарды сырт айналып өтпейді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі астанаға берілуге әбден лайықты. Мемлекетіміздің барлық табыстары Тұңғыш Президенттің есімімен байланысты. Оның бастамасымен әлем картасында Қазақстанның жаңа астанасы пайда болды. Елордаға Нұр-Сұлтан есімінің берілуі – халықтың махаббаты мен алғысы», – дейді Каспий өңірі қазіргі заманғы колледжінің 3 курс студенті Айнұр Зинетуллина.





БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.