arasha.kz

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Балалардың жазғы демалысы кезінде қала-ауданаралық көлік қатынасы жиілейтіні белгілі. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін білгеніңіз абзал! 

Дүниежүзілік талдаулар көліктегі автоорындықтар, бустерлер және адаптер құрылғылары балалардың жол қозғалысындағы жарақат алуынан қорғайтынын дәлелдеген. Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек. 12 жасқа толмаған бала көлікке  міндетті түрде арнайы автоорындық арқылы отырғызылуы тиіс екенін білгеніңіз абзал. Талап сақталмаған әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Жаяу жүргіншілердің әдетте белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өту кезінде және бағдаршамның тыйым салынған сигналына мән бермеген жағдайда жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупі жоғары. 

Балалардың жолдан өту ережесін білуі қауіпсіздік үшін міндетті.

Алыс сапарларға балаларды өздігінен үлкендердің қарауынсыз көлікке отырғызып жібермеңіз. Жол қозғалысының әр секунды мен минуты қауіпсіздікті талап етеді.

Exit mobile version