Атырауда «жер» белсендісі Талғат Аян мерзімінен бұрын босатылды.
«Атырау қаласының №2 сотының 26 шілдесіндегі қаулысымен менің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішім қанағаттандырылды. Сотқа қатысқан прокуор мен пробация қызметі қарсы болды, алайда сот жазамды ары қарай өтеуден мені босатты, таң қалдырарлық жайт. Қоғамдық қызметке араласуға тыйым салу күшінде қалды, алайда қазір ол маңызды емес. Маңыздысы мен енді азат адаммын, бірақ біздің қоғамда қаншалықты азат болуға болатынын», – деді Аян.
Ол бір жылдан бері оған тағылған түрмеге қамау жазасын 2021 жылға дейін бостандығын шектеуге ауыстырғанын нақтылады.
«Сіздер түсіну үшін – бостандығын шектеу- сен бостандықта жүрген сияқтысың, үйдесің, бірақ қозғалуың шектеулі, үйден тыс өткізген бос уақытыңда да. Сен апта сайын пробация органына барып белгіленіп тұруың керек, сені кешкісін тұрғылықты жерің бойынша полиция қызметерлері тексеруі мүмкін және сондықтан кеш түсе салысымен «күлшеқыз» құсап үйге қарай ұшасың, той секілді ойын-сауық шараларына бара алмайсың, ел ішінде бір жерге бару үшін рұқсат алуың керек, ЖСН бұғатталған, себебі сенің атың террористерді қаржыландырумен байланысты адамдар тізімінде тұр, түптеп келгенде бұл саған жағылған қара күйе, ондай күйемен сені ешбір мекеме жұмысқа да алмайды», – деді белсенді.
Еске салсақ, 2016 жылы елде Жер кодексіне түзетулер енгізуге қарсы митингтер өтті.
24 сәуірде Атырауда Исатай мен Махамбет алаңына мыңдаған адам жоспарланбаған митингке шықты. Олар шетелдіктерге жер сатуға мүмкіндік беретін Жер кодексіне енгізілетін түзетулерге қарсылық танытты. Митингке шыққандар шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар, дәл осы уақытта Құлсарыда да митинг өтті, оған 300-ге жуық адам қатысты.
Кейінірек, 27 сәуірде митингтер Ақтөбе мен Семейде өтті, онда да жиналғандар Жер кодексіне түзетулер енгізуге қарсылық танытты. Ақтау мен Орал қалаларындада әр қайсысында 200 адамнан бейбіт митингке шықты. Атырау облысы әкімдігінің митингке қатысқан бірде бір адам жауапкершілікке тартылмайды деп сендіргеніне қарамастан, Атырауда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек, Қазақстан үкіметі шетелдіктерге жерді сатуға және беруге уақытша тыйым салды.
Дереккөз: ҚазТАГ