Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірісі департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы департаменттің facebook парақшасында хабарланды.
Тасмағамбетов Құрманғали Нұрғалиұлы Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың туған інісі. Құрманғали Тасмағамбетовтың қысқаша қызмет жолы төмендегідей:
Туған күні: 12.06.1959
Туылған жері: ҚазССР, Гурьев облысы, Новобогат ауылы
Отбасы жағдайы:
· Үйленген
· Балалары: екеу
Тілдерді білуі:
· Қазақша, орысша
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензия:
· Гурьев педогогика институты (1984ж)
Физика пәнінің мұғалімі
· Мұнай және газ Атырау мемлекеттік институты (2001ж)
Инженер – экономист
Ғылыми атағы, дәрежесі:
· жоқ
Еңбек өтілі:
· Гурьев облысы Махамбет ауылы О.Шонаев атындағы орта мектепте физика пәнінің мұғалімі (1981-1982,1984);
· СССР Қарулы күштер қатарындағы қызмет(1984 – 1986);
· Гурьев облысы Махамбет оқу-өндіріс комбинатында ұстаз (1986-1988);
· Гурьев облысының Махамбет сырттай – кешкі мектептің директоры (1988-1991);
. Райфильматика меңгерушісі (1991-1995);
· «Мерей» ЖШС атқарушы директоры, Атырау қаласы (1995-1997);
· ВГФ «Мунай – Трейдинг» фирмасының өкілі, Атырау қаласы (1997);
· Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Атырау облысы бойынша Кедендік басқарма басшысының оырнбасары, энергия ресурстарын бақылау бөлімінің басшысы (1997-2002);
· Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы (2002-2008);
· Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы (2008-2010);
· Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы (2010-2014);
· Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (11.2014 жылдан).
·Марапаттары:
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» 2001 ж.,
«Ерен еңбегі үшін» 2005ж.,
«Құрмет ордені» 2011ж.,
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» 2011ж.