23-09-20 |
1720 рет қаралған
«Мен осы арандатудың артында кімнің тұрғанын білемін». Қамауға алынған шенеунік үндеу жасады..
«Мен осы арандатудың артында кімнің тұрғанын білемін». Қамауға алынған шенеунік үндеу жасады.

Жуықта пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың ісіне қатысты оның адвокаты үндеу жасады. Игорь Вранчев бұрынғы шенеуніктің халыққа жолдаған хатын Facebook желісіндегі парақшасында жариялап, жұртты алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырды. Нұрлан Таубаевтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері онымен әңгімелесу үшін бірге жүруді сұраған, ал ұсталғаны туралы оқиға орнына барған кезде ғана хабарланған. «10.09.20 ж. 15.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері менің үйіме келіп, әңгімелесу үшін өздерімен бірге жүруді өтінді. Олар айтқан жерге келген соң менің ұсталғанымды айтты. Менің не үшін деген сұрағыма жауап бермеді. Бір сағат күткен соң және менің өтінішім бойынша адвокатымды шақыруға рұқсат берді. Сол уақыттың аралығында мен отырған бөлмеде екі тергеуші ауысты. Олардың ешқайсысы да мені не үшін ұстағанын айта алмады», – деді Таубаев.
Өзінің хатында бұрынғы шенеунік қызметке Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаевтың шақыруымен келгенін және басында бәрі жақсы болғанын айтты. Лауазымды қызметте қандай жұмыстар атқарғанын да тізбектеп жазыпты. Хат соңында әділдікке қол жеткізу үшін президентке дейін баратынын мәлімдеді. «Біріншіден, мен осы арандатудың артында кімнің тұрғанын білемін және кінәсіздігімді дәлелдеу үшін бәрін жасайтын боламын.
Екіншіден, оны ұйымдастырған адамдар лайықты жазалануы үшін барлығын жасайтынымды айтқым келеді. Мен Президентке дейін барамын», – деді Таубаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.