31-03-19 |
2180 рет қаралған
Ойыл өзенінде бес тонна балық қырылып қалған (видео).
Ойыл өзенінде бес тонна  балық қырылып қалған (видео)

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Ойыл өзенінің Атырау облысынан ағып өтетін бөлігінде шамамен бес тонна балық қырылып қалған.

Оқиға орнына арнайы комиссия аттанып кеткен. Ал қырылған балықтарды жинап, жою үшін жергілік атқарушы билік пен тұрғындар бірлесіп жұмыс істеп жатқан көрінеді. Ауылшаруашылығы министрлігі мамандарының болжамынша, балықтар ауа жетпей қырылған болуы мүмкін-мыс. Энергетика министрлігі балықтың қырылуына өндірістік фактордың қатысы жоқ, өйткені өзен Атыраудан 400 шақырым қашықтықа дейді. Ал өзеннен жүз шақырым жерде «Сағыз Петролеум Компани» компаниясының мұнай-газ өндіру жұмыстары жүріп жатса, былтыры «Фирма Ада» ЖШС Ойыл өзенінен 25 шақырым жерде геолоиялық барлау жұмыстарын жүргізген екен.

Ойыл –  Қазақстанның батысындағы өзен. Бастауын Ақтөбедеге Мұғалжар тауынан алады. Ұзындығы – 800 шақырым. Өзенннің бассейін аумағы 31 500 км².

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.