02-10-20 |
770 рет қаралған
Оқушылар интернетке қосыламын деп мертігіп жатыр.
Оқушылар интернетке қосыламын деп мертігіп жатыр

Қазақстанда қашықтықтан білім алатын мектеп оқушылары интернетке қосыламыз деп мертігіп жатыр. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылының 10 жастағы тұрғыны үй тапсырмасын орындау үшін желіге қосылмақ болады. Осыдан кейін аулада тұрған трактордың төбесіне шығамын деп құлап қалған. Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша өңірде мұндай бірнеше оқиға тіркеліпті.
-10 жастағы бала аулада тұрған трактордың төбесінен құлап, осының салдарынан иығын сындырды. Дәл осындай оқиға Тасқала ауылында да болған. Жаңадан салынып жатқан үйдің маңдайшасынан құлаған жасөспірім иығын зақымдады, – дейді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Руслан Жәнебеков.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.