arasha.kz

Орынбасары тергеуге алынған Атырау әкімі отставкаға кете ме?

Атырауда облыс әкімінің орынбасары бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді. 

 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған.

«Облыс әкімінің орынбасары 83,7 млн теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияны «Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілініп отыр”, –  деп ақпарат таратты әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қайрат Нұрлыбаев облыс әкімінің орынбасары лауазымына биылғы қаңтарда тағайындалған еді.

Қайрат Нұрлыбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға ол 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған), яғни 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидия келісімшартын жасаған және инвестициялық субсидияны төлеген. Бүгінгі күнге дейін «Бұйырғын» кооперативі 83,7 млн теңге көлеміндегі борышты толықтай орнына келтірді.

Exit mobile version