arasha.kz

Атырауда әлеуметтік талап қойған әйелдер әкімдікке барды

Атырауда 30-ға жуық әйел әкімдікке барып, әлеуметтік талаптар қойды. Мұндай ақпаратты Азаттық радиосы таратты.

Олар қазір әкімдік ішінде облыс әкімінің шығуын талап етіп тұр. Әйелдер кедейшілік пен тұрмыс тауқіметінен қажығандықтарын айтып, баспана мәселесін шешіп беруді талап етті. Жәрдемақы өсіруді, азық-түлікті арзан бағамен беру қажеттігін айтты. Олардың қолында “Үй мәселесі шешілсін!”, “Барлық балаға бірдей жәрдемақы” деп жазылған плакаттар бар – делінген хабарламада.

Олар бастапқыда әкімдік маңындағы жағалауда жиналған. Сол жерден әкімдікке дейін талаптарын айқайлап айтып, шерулетіп келді

Әкім әлі шыққан жоқ.

Наразы әйелдер Аягөздегі қайғылы оқиғаны еске алып, ондай трагедиялардың қайталануына мемлекет жол бермеуге тиіс деді. Оқиға орнына жергілікті депутаттар келді. Олар әйелдердің талап-арыздарын тыңдауға тырысып жатыр. Әйелдердің әкімдік фойесінде тұрғанына шамамен бір сағат уақыт болды – дейді ақпарат көзі.

Arasha.kz

ФОТО: Азаттық

Exit mobile version