Жақында ғана Түркістан қаласында Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті. Екі күн бойы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылаған қоғам қайраткерлері мен Парламент депутаттары, қоғамдық кеңестер мүшелері мен БАҚ басшылары және сарапшылар өзіндік ұсыныстарын ұсынып, талқыланған болатын.
Соның ішінде Қатонқарағай, Марқакөл мен Мақаншы ауылдарына аудан мәртебесі қайта беріп, дамытуға күш салу сөз етілді. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының құрметті азаматы Амантай Балтабаевпен шекара мәселесі жөнінде аз-кем әңгімелестік.
– Түркістанда өткен Құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Катонқарай, Марқакөлге аудан мәртебесін қайта берді. Бұл шешіммен келісесіз бе?
– Қазақ осындайда «ақ түйенің қарны жарылған күн» демей ме?! Катонқарағай мен Марқакөлдің қайта аудан болып құрылуын ұзақ күттік. Жергілікті ел-жұрттың тілеу де сол. Әрине, қуаныштымыз, ауданымыз енді көркейіп, жаңарар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Былтыр Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құрдық. Бұл шешім аймақтардың дамуына тың серпін берді. Үкімет менің тапсырмаммен бұл мәселені пысықтады. Мен соған сәйкес Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Өйткені шекара маңындағы елді мекендердің ахуалы жеріміздің тұтастығына және еліміздің амандығына тікелей ықпал етеді», – деген сөзіне қосыламын, сол себепті де шекара шетіндегі кейбір елді мекендерде халық санының азайын тоқтатуымыз керек. Ел ауқымды жаңғыруының қарсаңында тұр. Әлбетте, оң нәтижеге жету тек басымдықтарды дұрыс анықтауға ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің нақты мүмкіндіктеріне де байланысты. Мүмкін, бұл мәселені экономикалық әлеуеттің өсуіне қарай кезең-кезеңімен шешу керек шығар.
Дегенмен Мемлекет басшысы 2022 жылғы 9 қаңтардағы халыққа Жолдауында Үкіметке шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырған. Тіпті, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында шешу қажеттігін де атап өтті. Осыған қарағанда, Мемлекет басшысы жойылған шекара аудандарының тағдыры туралы дау-дамайдың соңғы нүктесін қоюға ниетті екенін көрсетті.
– Шекара аймақтарындағы халық санын тұрақтандыру керек деп ойлайсыз ба?
– Шынын айтқанда,1998 жылғы бірнеше шекара аудандар жойылғаннан бастап халықты шекара аумақтарда тұрақтандыру қажеттілігі туралы пікірталас әлі күнге дейін басылмай тұр. Осы орайда, неліктен барлық құрлық шекараларының ішінен, Қазақстан – Қытай шекарасындағы жағдай халықты ерекше алаңдатады деген сұрақ туындайды. Расында да, Қытай Халық Республикасымен бізде ешқандай дау жоқ, сауда-экономикалық қатынастар ұзақмерзімді және өзара тиімді сипатқа ие. Ал көршінің сыртқы саясаты халықаралық құқық тұрғысынан мінсіз деп танылып отыр.
Алайда, шекаралас аймаққа бағытталған Қытай ішіндегі көші-қон үдерістері, біздің тарапымыздан халықтың жаппай көшуі салдарынан демографиялық теңгерімсіздіктің өсуіне әкелді, бұл жұртты алаңдатады. Қазақ халқы, Ұлы көршімен бірге жаһандану үдерістеріне қатысуды, өзінің ұлттық болмысына қауіп ретінде қабылдайды. Қытай мемлекетіне сескене қарайтын әдет бабаларымыздан қалған өсиет десе де болады. Қазақ фольклорында бұған дәлел жеткілікті. Шекара маңындағы аумақтарға халықты орнықтыру мәселелерін шешуге дереу кірісу қажет екендігіне күмән жоқ.
– Аудандарды дамыту үшін не қажет, алдымен не істеу керек?
– Аудандарды қалпына келтіру айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет ететіні түсінікті. Алайда, ұсынылған барлық шаралар бірдей тиімді болмауы мүмкін. Олардың ішінде, жойылған аудандарды қалпына келтіру, шекара маңындағы аумақтардан халықтың көшуін тоқтатуға жарамды бірінші және шешуші шара. Бұл мемлекеттің өз шекараларына ұйымдасқан түрде оралғанын көрсететін және осы саясаттың ұзақмерзімді сипатын айғақтайтын қуатты дабыл. анық. Онсыз басқа барлық қадамдар тиімсіз болады, бірақта олар үдеріске қажетті динамика беру үшін қосымша шаралар ретінде пайдаланылуыға жарамды.
Екіншіден, шекара маңындағы аумақтардың табиғи-географиялық ерекшеліктеріне сай олардың экономикалық әлеуетін арттыру туризмнің дамуымен байланысты. Бұл жерде сауатты инвестициялық саясат қана емес, олардың мемлекеттік шекараны қорғау мүддесіндегі тәртіптік шаралары мен ақылға қонымды теңгерімі де маңызды. Шекаралық аймақ, кей жерлерде, үш жүз километр ұзындыққа дейін созылады, олардың шегіндегі шекаралық билік орындары мен ішкі істер органдарына кең өкілеттіктер берілген. Бұл аймақта тұратын барлық азаматтар мен заңды тұлғалар шекара билігі алдын-ала жазбаша хабарлағаннан кейін ғана қоғамдық-саяси және басқа да шараларды өткізе алады деу, жеткілікті. Сонымен қатар, жүздеген шақырым жерде орналасқан шекараны қорғауға отбасылық мереке, жерлеу рәсімі немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы қандай әсер ететінін ешкім нақты түсіндіре алмайды. Бірақ қажеттілік шамадан артық шектеулерінің болуы туризмнің дамуына кедергі келтіретіні рас. Шектеу шаралары қажет екені анық, бірақ олар ақылға қонымды және жеткілікті мөлшерде ғана болуы керек.
Үшіншіден, шекара аумақтарында тұратын жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы белгілеу және шекаралық аудандарға ерікті түрде қоныс аударуды ынталандырудың басқа да шараларын қарастыру керек.
Arasha.kz
ФОТО: wikipedia.org
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024
-
03.10.2024