04-08-23 |
1000 рет қаралған
«Азаматтарға арналған үкімет» басшыларының бірі ұсталды.
«Азаматтарға арналған үкімет» басшыларының бірі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Азаматтарға арналған үкімет» МК коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімше бастықтарының бірін ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып жүргізген жедел-тергеулік іс-шаралар нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұстады. Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді өзімшілдік ниетпен заңсыз өзгертті деген күдікке ілінді – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабының 3-бөлігімен (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) қарастырылған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Көкшетау қаласының соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Arasha.kz

ФОТО: ҰҚК

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.