arasha.kz

Баянауыл ауданында төрт келін дауыс беруге келді

Тасыбаевтар әулетінің келіндері  Қызылтау ауылдық округінде №194 учаскеде таңдау жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Ауызбіршілікті ұстанған, бес саусағынан өнер тамған өнерлі келіндер бүгінгі ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен.

Бір әулеттен шыққан сегіз келіннің төртеуі бір отбасынан болса, төртеуі – немере келіндер. 

–  Біз той-думандарда үнемі бірге жүреміз. Төрт абысын ауылда тұрса, төртеуі қалада тұрады. Ең үлкен абысынымыз Рымгүл Тасыбаева «Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі. Оның өзінің келіні бар. Ата-енемнің қолында жеті келін болса, мен – ең кенжесімін, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Назым Тасыбаева.

Ауылдың көркеюіне үлес қосып келе жатқан әулеттің балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде. 

Айта кетерлігі, Тасыбаевтар әулетінің келіндері Алматыда өткен республикалық «Абысын-ажын» ІІІ республикалық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген. 

Exit mobile version