Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды.
Қайғылы оқиғадан кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
«14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды», – деп хабарлады министрлік.
Оның өліміне қатысты өзге ақпараттар нақтыланып жатыр.
Министрлік марқұмның жақындарына көңіл айтты.