27-11-23 |
23890 рет қаралған
«Дипломмен ауылға». 13 мұғалім жалған құжатпен ақша алған.
«Дипломмен ауылға». 13 мұғалім жалған құжатпен ақша алған

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты қаражат бөледі.

Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредит пен өтеусіз жәрдемақы алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда.

Ақмола облысының прокуратурасы бағдарлама аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша жалған дипломның көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

Мәселен, 2021 жылы «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды).

Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы12 «маман» пайдаланған. Залалдың жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.