
Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Су тасқынының алдын алу үшін мұз қабатын әлсіретуді, өзен жағалауларын нығайтуды, сондай-ақ қарды шығару мен суды соруды қоса алғанда, кешенді шаралар қабылдануда. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері қатысады. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.
Көктемгі мұз жүру кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Әртүрлі өңірлерде мұзды бұрғылау, ұсақтау, кесу, жару және өзендердің кептелу қаупі бар учаскелерінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл іс-шаралар су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары аясында өткізіледі.
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025
-
17.03.2025