26-08-21 |
690 рет қаралған
Маңғыстауда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер қамалды.
Маңғыстауда бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер қамалды

Маңғыстау облысында су құбырын салуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны үшін екі шенеунік пен кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Маңғыстау облыстық экономикалық тергеу департаменті облыстық құрылыс басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевты, Бейнеу аудандық құрылыс бөлімінің жетекшісі С.Х. Бисеновты және мердігерлік компанияның директоры Б.К.Саралтаевты ұстады», – деп жазды Еділов.

Айтуынша, ұсталғандар Бейнеу ауданындағы Саға кентінің халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен бөлінген 200 миллион теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ауылда 1 500 адам тұрады. 

Су құбырының құрылысы 2017 жылы басталған. Алайда ауыл халқы әлі күнге дейін автоцистернамен жеткізілетін техникалық суды пайдаланып жүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.