Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапары барысында оның суреттері бейнеленген билбордттар ілінгені мәлім болып, жергілікті биліктің бұл әрекетін президент сынаған еді.
«Ақтау менің суретім бейнеленген оншақты билборд ілінгенін айтты. Бұл орынсыз нәрсе. Мен насихаттың мұндай түріне зәру емеспін» деген еді. Президенттің бұл сөзін Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасына жариялаған.
«Билборды надо посвящать демонстрации реальных успехов нашего государства во главе с Елбасы. Это мое указание акимам всех уровней», – Президент РК.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) 12 апреля 2019 г.
13-сәуірде Ақтаудағы Қ.Тоқаев бейнеленген билбордтардың ауыстырылғаны белгілі болды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Жергілікті ақпараттық сайт президенттің сапарына дейінгі және одан кейінгі билбордтардың суретін де жариялаған.