Ресейдің «Аэропорты регионов» холдингі (олигарх Виктор Вексельбергке тиесілі «Ренова» компаниялар тобы) Қазақстанда әуежай сатып алуды жоспарлап отыр деп жазады erece.org сайты.
Басылымның жазуынша ресейліктер Қазақстанның мұнай өндірудегі орталығы болып табылатын, Каспи теңізі жағасындағы Ақтау қаласының әуежайын түрік инвесторларынан сатып алмақшы.