Ақтауда 2,5 миллион теңгенің әткеншектерін белгісіз біреулер сындырып кетті.
«Сөз жоқ. Алаңда бейне бақылау камералары жұмыс істейді. Бұзақыларды тауып алу қиынға соқпас еді, алайда полицейлер әрекет етпей отыр», – деді жергілікті тұрғын Ғалия.
Қалалық әкімдіктегілер Ынтымақ ауданындағы «Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткіштерінің әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді.
«Clover media group» ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», – деді әкімдіктегілер.
«Әткеншектер» шағын архитектуралық ескерткішінің құны – 2 553 441 теңге.