arasha.kz

«Газ бағасы 60 теңгеден аспасын»: Үкімет Жаңаөзендегі халық талабын шешкен жоқ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі халық наразылығына байланысты үкіметке тапсырма берді.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан тексеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», – деп жазды президент Twitter парақшасында.

Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына өз талаптарын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, атап айтқанда, бейбіт жиналыстар туралы заңға сәйкес жасалуы керек, деп атап өтті кейінірек президент.

Еске салайық, кеше 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының тұрғындары бейнехабарлама түсіріп, облыстағы газдың бағасы 120 теңгеге қымбаттап кеткеннен кейін халық автожолды жауып тастады. Олар ең төменгі бағаны жалақы мөлшеріне сәйкес 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етуде.

Жиналғандар видеоүндеу түсіріп Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаровқа үндеу жасап, тез арада газ бағасын 50 теңгеге түсіруді және газ тапшылығын болдырмауды талап етті.

«Газды өзіміз өндіреміз. Сол жерлерде көбісіміздің ағайын-туыстарымыз жұмыс істейді. Солар өндіріп отырған газдың өзімізге жетпеуі ақылға қонбайды. Алдымен өз халқын қамтамасыз етпей жатып, Ресейге шығарылмасын. Газдың да бағасы елдің жалақысына сай болсын. Бағасын 50-60 теңгеден асырмасын», – дейді жиналғандардың бірі.

Дереккөз Lada.kz

Әлеуметтік желілерде таралған видеолардан митингке жиналушыларды тәртіп сақшылары бақылап тұрғанын көруге болады.

Куәгерлер Жаңаөзенде интернетке бұғат салынғанын айтады.

Жиналғандар өздері қойған талапты тез орындауды талап етіп, орталық көшелердің бірін жауып тастаған. Жиналғандар ешқайда тарамайтынын айтып, облыс билігі мәселені шеше алмаса Нұр-Сұлтаннан арнайы адам келуін жеткізген.

Exit mobile version