«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы ресми іске қосылғаннан бері тұрғын үй нарығында бәсеке жанданды. Жұртшылық жаппай мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырып жатқанын аңдаған жеке құрылыс компаниялары «7-20-25» бағдарламасымен бәселекелесе алатын тиімді шарттарын ұсынуда. Мәселен, Ақтау қаласындағы сондай жеке компаниялардың бірі халыққа үстемақысыз бес жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосты. Алғашқы клиенттері қолдарына үйдің кілті мен құжатын алып, баспаналарына қоныстанды. Басты артықшылық пайыз жоқ. Бөліп төлеудің жылын ұзартуға болады.
Халыққа қолайлы шарттарын ұсынған «Ниет строй сервис» ЖШС және «Алма- реал partnership» құрылыс компаниясының директоры Сәнгүл Аманжолованың айтуынша, талап бойынша жаңа пәтердің иесі алғашқы жарна ретінде негізгі құнның 30 пайызын төлеу керек, ал қалған 70 пайызынан 5 жыл ішінде құтылуы тиіс. Ол өз сөзінде: «Баспанаға мұқтаж халыққа кілтін, үйінің құжаттарын табыстап жатырмыз. Бұл жерде біз банк емеспіз. Үстіне пайыз қоса алмаймыз. Пайыз қосқанда емеспіз. Қоспаймыз да», – деп, тиімді шарттың халық үшін пайдасы зор екеніне тоқталды. Себебі, жақында осы компания жақында 5 отбасыға өздері алға тартқан шарт бойынша пәтер кілтін табыс етті. Ал, алғашқы 30 пайызын төлеп, қалған 70 пайызын 5 жылда еш пайызсыз төлеуге мүкіндік алған Ақтау қаласының тұрғындары компания өкілдеріне рахметін айтып, ризашылығын білдіруде.
Айгүл Төлеева, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Бізге мүмкіндік беріп, арманымызды орындауға қол үшін берген құрылыс компаниясына алғысымыз шексіз. Баспанаға зәру кез-келген тұрғын мен жастарға бұл бастама тиімді деп ойлаймын. Бес жыл бойы еш үстемақысыз төлейміз. Пайызсыз өз бағасына сатып жатқандарына көп рахмет!
Иван және Ольга Зенченка, Ақтау қаласының тұрғындары:
- Бір қарағанда сену қиын. Өйткені, баспанаға арналған қандай бағдарлама болмасын, барлығында пайыз қосылады. Нарық заңдылығында әр дүниені пайызсыз елестету мүмкін емес қой. Бірақ, біз еш пайызсыз баспанаға ие болып отырмыз. Қатты қуаныштымыз! Бұл халыққа тиімді, пайдалы іс деп есептеймін.
«Ниет строй сервис» ЖШС және «Алма- реал partnership» құрылыс компаниясының директоры Сәнгүл Аманжолованың хабарлауынша, биыл тиімді шартпен баспанаға қол жеткізетін жандардың қатары артпақ. Себебі, құрылыс компаниясы осы жылдың соңында бір көпқабатты тұрғын үйді қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Негізінде Ақтаудағы 16-шағын ауданнан 0,5 гектарлық екі жерден құрылыс басталған. Ал, бірінші болып сатып алушыларға беріліп жатқан тұрғын үй 11 қабаттан тұрады. Бұл үйде 180 пәтер орналасқан. Ең бастысы, үйдің бағасы да көңілге қонымды. Пәтердің 1 шаршы метрі 120 мың теңгеге тең. Қазіргі уақытта мұндай баға халықтың қалтасына ауырлық түсірмейтіні ақиқат. Әрине, 2016-2017 жылдары 150-160 мың, тіпті 180 мың теңгеден сатылған кездер болыпты. Алайда, артық пайдадан гөрі баспанаға мұқтаж жандардың қамын ойлаған компания басшылығы ол бағаны төмендетіпті.
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024