03-01-22 |
650 рет қаралған
Мәмин Маңғыстауға бармайды.
Мәмин Маңғыстауға бармайды

4 қаңтарда үкімет комиссиясы Маңғыстауға барады. Комиссия облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарайды.

Комиссия құрамында бірінші вице-премьер Ералы Тоғжанов (комиссия төрағасы), энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бар. Комиссия премьер-министр Асқар Мәминнің пәрменімен құрылып, президенттің тапсырмасын орындауға барады.

Ал премьер-министрдің өзі Маңғыстауға бармайды.

Еске салайық, кеше 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының тұрғындары бейнехабарлама түсіріп, облыстағы газдың бағасы 120 теңгеге қымбаттап кеткеннен кейін халық автожолды жауып тастады. Олар ең төменгі бағаны жалақы мөлшеріне сәйкес 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етуде.

Жиналғандар видеоүндеу түсіріп Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаровқа үндеу жасап, тез арада газ бағасын 50 теңгеге түсіруді және газ тапшылығын болдырмауды талап етті.

«Газды өзіміз өндіреміз. Сол жерлерде көбісіміздің ағайын-туыстарымыз жұмыс істейді. Солар өндіріп отырған газдың өзімізге жетпеуі ақылға қонбайды. Алдымен өз халқын қамтамасыз етпей жатып, Ресейге шығарылмасын. Газдың да бағасы елдің жалақысына сай болсын. Бағасын 50-60 теңгеден асырмасын», – дейді жиналғандардың бірі.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.