«Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы «АҚ қызметкерлері Маңғыстау облысында митингке шықты. Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
«1 тамыз күні маңғыстау бөлімшесіндегі Бейнеу дистанциясының жұмысшылары митингке шықты», – делінген аталған хабарламада.
Бас көтерген жұмысшылар жалақысын 100%-ға көтеруді талап етіп отыр. Алайда, компания өкілдері бұл талапты қаржы жетіспеушілігіне байланысты орындай алмайтындарын айтқан.
Митингке қарамастан темір жол тасымалы жұмыс істеп тұр.