Маңғыстау облысында бір топ белсенді адам қоғамдық штаб құрылғанын мәлімдеді.
Видео мәлімдеге қарағанда, штаб халық талабын үкімет комиссиясына жеткізбек.
Ал Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңындағы адам саны 2 мыңға жеткені хабарланды. Алаңға «Қаламқас», «Қаражамбас» мұнайшылары келіп қосылғаны туралы хабар тарады.
Сондай-ақ президент Тоқаев Ақтауда үкімет комиссиясы жұмысын бастағанын хабарлады.