arasha.kz

Үкімет Жаңаөзендегі қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты шара қабылдамақ

Үкімет Жаңаөзендегі жағдайға қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты шара қабылдамақ және үкімет комиссиясы құрылмақ. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ үкімет Маңғыстау облысы аумағында газ бағасын 85-90 теңгеге арзандату туралы шешім қабылданғаны хабарланған.

Маңғыстау облысында Жаңаөзен және Ақтау қалаларында халық газ бағасының қымбаттауына байланысты митингіге шыққан еді.

Exit mobile version