16-12-23 |
33730 рет қаралған
Жаңаөзенде алғаш рет плогинг марафоны өтті.
Жаңаөзенде алғаш рет плогинг марафоны өтті

29 қарашада Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atameken PRO» қоғамдық қоры қалада алғаш рет «Плоггинг 2023» эко-марафонын өткізді.

Жаңаөзен әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, белсенді жастар қоқыс жинау жарыстарына қатысып, топтарға бөлініп, өз аумақтары бойынша жүгірген. Плогинг қоршаған ортаны қорғау процестерімен үнемі байланыста болу дегенді білдіреді, бұл сала әлемдік тәжірибеде жастар арасында танымал қызмет болып табылады.

Марафон Рахат ауылындағы «Мерей» шағын ауданындағы 34-ші көшеде басталып 9-орта мектепке дейін жалғасты. Акцияға 11 команда, 50-ге жуық еріктілер мен жастар қатысты.
Плотинг аясында 2 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сондай-ақ, ең ауыр қоқыс дорбасын анықтауға арналған жарыс өтті.

Бір топ белсенділер қаптарды таразыға тартып, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде «Каспий 2», «Үстірт» және «Эко» командалары жеңіске жетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.