Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебі жабылған жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов айтты.
BAQ.KZ ақпарат әгенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласындағы «Шаңырақ» қазақ мектебі жабылған жоқ.
Уақытша Риддер қаласының №11 мектебінің ғимаратына көшті. Балаларға барлық қажетті қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде қауіпсіздік, тамақтандыру және т.б. Бұл ата-аналардың «Шаңырақ» мектебінің қазіргі ғимаратының аппаттық жағдайына байланысты өтініші негізінде ұйымдастырылды, – деді Дәуенов.
Мектептің құқықтық статусы, оның штаттық бірліктері, контингенті сақталады.
Министрлік өкілінің сөзінше, 2024 жылы Риддер қаласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын жаңа мектеп «Шаңырақ» мектебіне беріледі.
Риддерде 16 орыс мектебі, 4 аралас мектеп және жалғыз қазақ мектебі бар еді. «Шаңырақ» – сол жалғыз қазақ мектебі болатын.
Енді түсініп көріңіз, мектеп жабылмаса, оқушылар басқа мектепке не үшін кетеді?
Arasha.kz
ФОТО: Qaz365.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024