Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қарамағындағы 6 бірдей әкімді жаңартты. Өңірде төрт ауданның әкімі және Арқалық пен Лисаков қалаларының жаңа басшылары тағайындалды.
Жаңалықтарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды. Әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндет қойылған.
«Қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгіздiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі болып Әбішев Қайрат Тынымбайұлы тағайындалды», – деп хабарлады әкім өзінің Instagram парақшасында.