arasha.kz

Коронавирус Қостанайға қалай жеткен?

Коронавирус Қостанай облысына жетті. Осыған дейін инфекция анықталмаған жалғыз аймақ – Қостанай облысы еді. 

Аймаққа инфекция қалай жеткенін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты.

1991 жылы туған азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх-Алматы» рейсімен ұшып келген.

Оны және Қостанай облысының тағы 4 азаматын алғашқы тексеруде вирус анықталмаған.

Осылайша, олар «Отар» стансасынан поезға отырып, үйлеріне бағыт алған.

«Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады.

Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды» деген Жүндібаев.

Госпитализациялау кезінде алынған талдау теріс нәтиже көрсеткен.

Қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта Қостанайда тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр.

Exit mobile version