Қостанай облысында патрульдік полицейге 10 мың теңге пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталыпты. Мұны Қостанай облысы полиция депортаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат жазады. Хабарға қарағанда, 28 жастағы жүргізуші өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауды сұрап, полицейге пара бермекші болғанда ұсталыпты.
Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Алтынбек Шуйншалиевтың айтуынша, бүгін таңертең полицейлер «Фольцваген» маркалы көлікті тоқтатқан. Көлік мемлекеттік нөмірсіз келе жатқан әрі жүргізуші де куәлік болмаған. Өйткені ол жүргізуші куәлігінен бұған дейін айырылған екен. Сөйтіп, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін он мың теңге пара бермек болыпты. Оқиға орнына ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері барып, пара берушіні ұстап, он мың теңгені алған. Оқиғаға байланысты іс қозғалған.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024