arasha.kz

Қостанайда бір апта бойы қар астында жан сақтаған малшы табылды

Қостанайда ғажайыптың күшімен аман қалған малшы табылды. 49 жастағы ер адам ақпанның ақтүтек боранында бір апта қар астында жатқан.  Малшы айдалада тірі қалу үшін өзін қамыс пен қармен қоршаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағында бір апта бұрын жылқыларын іздеп, үйінен шығып кеткен малшы аман-есен табылды. Амангелді Тұржанов 20 ақпаннан бері іздеуде.

Ауқымды іздеуге елуге жуық адам қатысты: полиция, құтқарушылар және жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, 49 жастағы ер адамды іздеу үшін 26 ақпанда Нұр-Сұлтаннан тікұшақ келді.

Құтқарушылар тікұшақ арқылы ер адамның жылқысын байқаған. Амангелді Тұржанов аттың жанында болған. Ол өзін қамыс пен қарға көміп жатқан.

«Жергілікті ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірінде шопан болып жұмыс істейтін 50 жастағы ер адам 27 ақпанда сағат 11:30-да Обалы аймағында табылды.  Ер адам қамыстың арасынан табылды. Ол қатты шаршаған және өздігінен әрең қозғалады. Осы уақыт ішінде далада болды. Оның жанында жылқысы болды», –  деді Қостанай облысының ТЖД-де.

Малшыны тікұшақпен Жезқазғандағы медициналық мекемеге жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады, есін жоғалтпаған.

Exit mobile version