Қостанайдағы машина жасау зауыты өз жұмысшыларына арнап жатақхана салып жатыр. Сонымен қатар мұнда әр қызметкердің біліктілігін көтеруіне жағдай жасалған.
Бүгінде Қостанайдағы машина жасау зауытындағы жұмысшылар саны 3 мыңнан асқан. Соның 1700-ге жуығы жас мамандар.
Біз мұнда жұмыс істеп, қосымша дуальді түрде қашықтан оқып жатырмыз. Диплом алғасын осында жұмыс істеп қалуға жағдай жасалған – дейді зауыт жұмысшысы Дархан Сағымбай.
Қызметкерлердің біліктілігін көтеріп қосымша білім алуына арнайы бағдарлама дайындалған. Соның негізінде олар тек елімізде ғана емес, шетелдерде де оқуына болады. Өнідіріске болашақ кадрлар дайындау үшін жергілікті оқу орындарымен әріптестік қатынас жолға қойылған.
Қостанай мектебінде Аллюр спейс кабинетін аштық. Мақсаты – білікті инженерлік кадрларды мектеп аясынан бастап дайындау. Автомобиль колледжінде кәсіби біліктілік орталығын ашамыз – дейді Жоғары инженерлік мектебінің басшысы Сәния Иментаева.
Жұмысшыларды тасымалдау, түскі ас тегін. Спортты дамытуға да баса мән беріледі. Ынталандыру мақсатында еңбек өтілі артқан сайын қызметкердің жалақысы да көбейеді.
Медициналық клиникаларға қаралуына біздің жұмыскерлерге жеңілдіктер қарастырылған. Балалар орталығына балаларын апарса да солай – дейді «Аllur» кәсіпорнының әкімшілік мәселелер жөніндегі директоры Әлібек Құсайынов.
Биыл зауыт жанынан қызметкерлерге арналған тоғыз қабатты жатақхананың құрылысы басталды. Ғимарат келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта балабақша нысанын салу жоспарда тұр.
Arasha.kz
ФОТО: скрин
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024