Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуов журналистерге қарағай орманында орналасқан балаларды сауықтыру лагеріне енгізілген жаңалықтармен таныстырып, лагердің жаңа жүйесі бойынша қазақ тілінде сөйлемеген балаларға айыппұл салынатындығын айтты деп жазады «Литер» газеті.
Биыл 300 бала демалған лагерді шенеуніктер келесі жылдан бастап «Kazakh camp» стилінде жүргізбекші. Ол жердегі басты талап, балалар мемлекеттік тілде сөйлесуі керек. Әкімнің айтуынша, мұндай идея Президентің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шыққаннан кейін келген. Себебі аудан жұртшылығының мемлекеттік тілді меңгеруге және қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге қажеттілік туындап отыр.
Сондай-ақ Әзілхан Әбеуов: «Лагерге келетін балалар тек қана қазақ тілінде демалатын болады. Өзге тілде сөйлейтін балаларға айыппұл салынады. Ал жеткіншектерді қазақ тілінде сөйлеуге шабыттандыру үшін «Қазақ тілі білгірі» деген таңбасы бар төсбелгілер мен басқа да сыйлықтар беріледі». Айыппұл ақшалай ма, әлде басқа жолмен салыма ма екенін әкім түсіндіріп айтпады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024