arasha.kz

«Әкім қазір әкімдік ғимаратында жоқ»

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет облыс әкімі Болат Бақауов туралы хабар айтты.

Ернар Сейтахметтің хабарлауынша қазіргі кезде Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

– Облыс басшысы өзінің жұмыс орнында. Әкім қазір әкімдік ғимаратында жоқ, ол қала ішінде жұмыспен жүр, – деді ол.

Кеше Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы хабар тараған еді. Әзірге ұлттық қауіпсіздік комитеті де, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де ешқандай ақпарат таратпады.

 

Exit mobile version