23-11-20 |
1510 рет қаралған
Мәдениет қызметкерлерінің қар күрегенін Сқақов біле ме?.
Мәдениет қызметкерлерінің қар күрегенін Сқақов біле ме?

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қаладағы қар күреу, қар тасумен айналысатын коммуналдық мекемелердің жұмысын тексеріпті. Тексере келіп, қар тазалаумен айналысатын мекемелердің жұмысына көңілі толмапты. Тасылмай үйілген қарды көрген әкім:

«Мынау біз талап етіп отырған жұмысы сапасы емес. Жауған қар екі-үш күннің ішінде тазаланып, тасылуы керек. Ал іс жүзінде қар оншақты күн жатады. Қар тасу бойынша жұмыстар орындалмаған. Коммуналдық мекемелерге тап осы қар тазалауға ақша беріліп отыр» депті Әбілқайыр Сқақов.

Ал бұдан бұрын Павлодарда мәдениет қызметкерлерінің қар күреп жүргенін жазған едік.

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы ұйымдастырған “Біз біргеміз” деп аталатын акция шеңберінде 13 мәдениет мекемесінің 180 жуық қызметкері көшеде қар күреген. Мәдениет қызметкерлеріне көше қар күретіп қойғанын басқарма басшысы Самал Бегалинова: “Бүгін біздің қызметкерлер Павлодардағы өз мекемелерінің маңындағы аумақтың қарын тазалауға шықты. Қаламыздың  тазалығы мен әдімлігі біздің ортақ міндетіміз”, – деп қуана хабарлаған деп жазғанбыз.

Әбілқайыр Сқақовтың көңілі толмаған үйілген қардың ішінде Самал Бегалинова басқаратын басқармаға қарасты мәдени ұйымдар қызметкерлерінің күреген қары да бар шығар. Ал коммуналды қызметтердің жұмысына көңілі толмаған облыс әкімі мәдениет қызметкерлерінің қар күреп жүргенінен хабардар ма екен?

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.