Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебі коронавирусқа байланысты белгісіз уақытқа жабылды. Мұнда 4 оқушыдан COVID-19 анықталды. Сәтіне орай, ауру барлығында симптомсыз өтіп жатыр.
«Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде коронавирус бастапқыда бір оқушыдан анықталды. Бірақ онымен 44 адам байланыста болған екен. Осылайша індетті тағы үш оқушы жұқтырып үлгерген», – дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.
Қазіргі уақытта балалардың коронавирусқа байланысты ешқандай шағымы жоқ. Ал, мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Батырбек Әлиевтің айтуынша, облыста барлығы 9 оқушыдан COVID-19 анықталған.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024