10-05-21 |
1640 рет қаралған
Павлодарда көп қабатты үйден шыққан өрттен төрт адам қаза болды.
Павлодарда көп қабатты үйден шыққан өрттен төрт адам қаза болды

Павлодарда мереке күні 10 қабатты үйден өрт шықты.  Тілсіз жау 4 адамның өмірін қиған. Арасында нәресте бар.

Оқиғаның мән-жайын Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«2021 жылдың 9 мамырында сағат 21:02-де Павлодар қаласының Камзин көшесі 364 үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Белгілі болғанындай, 10 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған.

21 сағат 30 минутта өрт оқшауланды.

Өрт болған жерді тексеру барысында 4 адамның денесі табылды. Пәтерден 1 әйелдің жанып кеткен денесі, есік алдында газ иісінен уланып жатқан тағы бір ер адам мен нәрестесі бар әйел адам табылды.

Оқиға орнында 28 адам, 8 техника мен өрт сынағы зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – делінген ресми хабарламада. 

Қазіргі уақытта өрт себебі мен қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.