arasha.kz

Павлодарда мектеп директоры бір миллион теңгеге алаяқтық жасады

Павлодарда алаяқтық әрекетке барған ауыл мектебінің директоры ұсталды. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Май ауданындағы ауыл тұрғынына микрокредиттік ұйымнан 1 миллион теңге кредитін төлеу туралы қоңырау соғылған. Өзінің алаяқтық құрбаны болғанын білген тұрғын бірден полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Exit mobile version