Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапты, -деп хабарлайды arasha.kz тілшісі Tengrinews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.
«1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінің газынан уланған. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған», – деді басқарманың баспасөз өкілдері.
Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.
Дереккөз: tengrinews.kz/
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024