07-02-19 |
10750 рет қаралған
Павлодарда пештен шыққан улы газдан бір отбасы қайтыс болды.
Павлодарда пештен шыққан улы газдан бір отбасы қайтыс болды

Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапты, -деп хабарлайды arasha.kz тілшісі Tengrinews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

«1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінің газынан уланған. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған», – деді басқарманың баспасөз өкілдері.

Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Дереккөз: tengrinews.kz/

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.