05-02-19 |
2510 рет қаралған
Павлодарлықтар көліктеріне бір жылда 119 млн теңге VIP-номер сатып алған.
Павлодарлықтар көліктеріне бір жылда 119 млн теңге VIP-номер сатып алған

2018 жылдың ішінде Павлодар облысының тұрғындарымен 119 млн теңгеден астам сомаға 383 жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі сатып алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

– Өңірдің әуесқой автомобильшілері арасында ең танымал мемлекеттік тіркеу нөмірі – 070 болып отыр, – деді баспасөз қызметінде. – Облыс жолдарында ондай нөмірмен 63 көлік (57 АЕК) жүреді. Өте танымал мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі – 707. Біздің өңірде 50 облыс тұрғыны осындай нөмірдің иесі болып табылады (50 АЕК). Бұған қоса, 47 адам мемлекеттік 077 (57 АЕК) тіркеу нөмір белгісін сатып алған.

2019 жылдың қаңтар айында 20 автокөлік иесі жалпы сомасы 4 млн теңгеге жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сатып алған.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.