Павлодар және Петропавел қалаларының атауын өзгерту туралы петиция жарияланып, оған әзірге барлығы 24 486 адам қол қойған. Оның 15 258 адам қолдаса, 9 228 адам қарсы болып тұр.
Петиция жазған азамат бұл мәселені президент шеше алады деп көрсеткен және қала атауларын Қызылжар және Ертіс деп өзгертуді сұраған.
«QYZYLZHAR –
«Қызылжар көп қазаққа арман жерсің,
Керейде Толыбай сыншы туын тігіп,
Атыңды «Қызылжар» деп бабам қойған» деген өлең шумақтары бар.
Ал Толыбай сыншы ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. «Әулие Петр» (Петропавлдың алғашқы атауы) қорғаны болса тек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салына бастап, 1770 жылы ғана аяқталған. Сол себепті бұл жерде жер атауы болмаған деген шындыққа жараспайды.
ERTIS – «Jebe» қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласының атауын Ертіс деп өзгеруін ұсынып отыр. Бұрыннан көшпелі қазақ Павлодар облысын Ертіс-Баян өңірі деп атап келген. Қазіргі таңда қалада сол атауды жаңғыртуда. Ақпараттық холдинг «Ертіс-Медиа» облыстық «Ертіс» телеарнасы және Олимпиадалық бассейнмен заманауи мультимедиалық музей «Ертіс» аталады», делінген петиция мәтінінде.
Солтүстіктегі екі облыстың атауын өзгерту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Алайда, билік Ресейдің қас-қабағын бағып, бұл мәселеге аса сақтықпен қарайды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024