Қытай инвесторлары Павлодарда жылына 110 мың тонна қант өндіретін зауыт салады. Мұндай келісімге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Қытай инвесторы, NAALE компаниясының басшысы Чжан Ци Қазақстан-Қытай 6 шы іскерлік кеңесі аясында қол қойған. Зауытты 2020-2022 жылдары салу жоспарланған. Келісімнен кейін Қытай инвесторы Павлодарда өз кеңселерін ашып, жобаны іске асыруға кіріспек.
Қытай инвесторлары Павлодарда зауыт салады
